Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үшарал – Достық жол учаскесінің 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі

Қазір құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, жолдың барлық аумағы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

08.08.2023
Жаңалықтар

«Үшарал – Достық бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 184 шақырымын жаңғырту көзделген. Жобаның құны – 61,2 млрд теңге. Бас мердігер – «АБК-Автодор НС» ЖШС. Бұл ретте алғашқы 87 шақырым бойынша жол қозғалысы 2020-2022 жылдары ашылғанын айта кетейік. Бүгінде жұмыстар екі учаскеде жүргізіліп жатыр. Мәселен, қазір 90-120 шақырым аралығындағы учаскеде 31 шақырымның 30-ында жабынның төменгі қабатын төсеуге байланысты жұмыстар аяқталып, барлық құбыр орнатылды. Қазір жолшы мамандар жолға мастикалық-қиыршық тасты асфальтбетонды төсеп жатыр. Аталған жұмыстар 16 шақырымның 14,2-сінде іске асырылды. Сондай-ақ қардан қорғайтын қоршаулар, баспалдақтар мен тосқауыл қоршаулары орнату қолға алынды. Бұдан бөлек, Ырғайты өзені арқылы өтетін көпірге арқалықтар қойылып жатыр. Бүгінге дейін 50 арқалықтың 46 данасы орнатылды», — деп жазды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

Екінші учаскеге келсек, 54,2 шақырымның 49,8 шақырымында жабынның төменгі қабатын орнатуға байланысты жұмыстар аяқталды. Барлық су өткізу құбырлары да салынды. Қазір 10,73 шақырымның 6,25-іне жабынның жоғарғы қабаты төселді. Сонымен қатар Тоқты көпірінің аралық тіректерін арматура салу арқылы нығайту, Шындалы көпірінің үстіңгі тақтасын құю, бұған қоса су өткізу құбырларын күшейту бойынша жұмыстар іске асырылып келеді. Темірбетон материалдары 100%-ға дайын тұр.

Мердігердің айтуынша, 90-180 шақырым аралығындағы учаскені биыл желтоқсанда пайдалануға беру көзделген.

Бұдан басқа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Достық» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау межеленген.

Тегтер: жол учаскесіҮшарал-Достық

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz