Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алматы-Қонаев» бағытындағы пойызға жаңа вагон қосылды

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы қосылған «Алматы-Қонаев» бағытындағы электр пойызы жаңа вагонмен толықты.

08.08.2023
Аймақ

Қос шаһардың ортасын жалғап тұрған көлікке «Жолаушылар тасымалы» АҚ жауапты болған еді. Енді, 4 тамыздан бастап аталмыш міндет «Тұран Экспресс» ЖШС-не жүктелді.

Электр пойызы алғаш жолға шыққанда ондағы орын саны 175 болатын. Қазір вагон саны 6-ға жетіп, 294 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.

Жауаптылардың сөзіне сенсек, аталған бағыттағы пойыз бағасының қолжетімді болуы екі қала арасына қатынауға өте ыңғайлы болып отыр. Қонаевтан Алматыға бару құны — небәрі 450 теңге.

«Билеттер кез келген теміржол бекеттерінде сатылады. Тіпті, бекетке бас сұқпай-ақ, пойыздың ішінде де жол жүру билетін сатып алуға болады. Қарапайым халық үшін баға өте тиімді», — дейді Алматы облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қанат Шарапиев.

Айта кетейік, аталған бағыттағы электр пойызы қос қаланың арасында күніне екі мезгіл жүреді. Пойыз таңғы 5:30-те Қонаев қаласынан Алматыға шығып, кешкі сағат 18:40-та алып шаһардан облыс орталығына қайта оралады.

Қазір тұрғындар тарапынан электр пойызына сұраныс артқан. Ресми деректерге сүйенсек, электр пойызымен бір айда 500-ге жуық жолаушы қатынайды. Жаңа оқу жылы басталғанда бұл көрсеткіш еселене түспек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Кошанов созвал совместное заседание палат Парламента РК

Николай Иващенко
18.03.2026

В Конаеве к празднику Наурыз прошла экологическая акция «Табиғат қанатында – Taza Life»

Николай Иващенко
18.03.2026

В Алматы задержан Санжар Бокаев — Генпрокуратура

Николай Иващенко
18.03.2026

Новые учебники для школьников выпустят в Казахстане

Николай Иващенко
18.03.2026

Опубликован текст новой Конституции Казахстана

Николай Иващенко
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz