Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында астық жинау науқаны басталды

Бүгінгі таңда Қазақстанның алты өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды. Егін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды, деп хабарлайды alataunews.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

05.08.2023
Аймақ

Елдің барлық аймақтарында жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер, 1079,6 мың тонна астық бастырылды.

Егін жинау науқанын өткізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда 78,2 мың тоннасы төленіп, шамамен 45,7 мың тонна жөнелтілді.

Биыл Энергетика министрлігі уәкілетті орган ретінде МӨЗ-ден дизель отынының сату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.

Облыстардың әкімдіктері жоспарлы режимде астық сақтау қоймаларының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды істеп жатыр. Элеваторлардың ағымдағы қуаты 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,9 млн тонна.

Осылайша, сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті.

Тегтер: Алматы облысыастық

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz