Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

FlyArystan әуе рейстеріне ақылы тіркеуді уақытша тоқтатты

FlyArystan әуежайда халықаралық рейстерге ақылы тіркелу қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды alataunews.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

04.08.2023
Жаңалықтар

«Ақылы тіркелу қызметін әлемнің лоукост тасымалдаушылары әуежайда тіркеу процестерін оңтайландыру үшін пайдаланады. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін ұсыну – жолаушыларды тегін онлайн тіркелу қызметін алуға ынталандырады. Бұл тіркеу кезінде ұзын-сонар кезекті азайтады және рейс алдындағы процедураларды жеделдетеді. FlyArystan бұл жаңашылдықта биыл 1 қаңтардан бастап ішкі нарыққа шығарды және бұл үлкен жетістік. Нәтижесінде жолаушылардың 80%-дан астамы қазір онлайн арқылы тегін тіркеледі. Бұл 1,3 миллионнан астам жолаушының әуежайлардағы кептеліс пен кезекте тұрмауына мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Компания ақпаратына сәйкес, халықаралық әуе рейстеріне ақылы тіркелу қызметі тиімділігін көрсетті.

«Өкінішке қарай, аталған қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болды. Туындаған мәселелерді шешкенше, қызметті уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыларға толық қайтарым жасалынады. FlyArystan осы қызметті болашақта жүзеге асыра алатынына және Қазақстанның авиация саласын дамытуға бағытталған цифрландыру стратегиясына толықтай сенімді. Биыл 3 шілдеде халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелу басталғаннан кейін тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысудың нәтижелері айтарлықтай. Жолаушылардың 60%-дан астамы халықаралық рейстерге FlyArystan қосымшасы арқылы тегін онлайн тіркеліп қойған. Бұл халықаралық саяхаттың ең тиімді әдісі және жолаушыларымызға осы қарбалас кезеңде әуежайларда көп уақытты талап ететін кезектер мен кептелістерді болдырмауға мүмкіндік береді», — дейді әуе компаниясынан.

Еске сала кетсек, 3 тамыздан бастап FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу ақылы болған еді.

FlyArystan-да халықаралық рейстерге тіркелу ақылы болады

Тегтер: FlyArystanрейстіркеу

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Министр 30 тамызға қатысты нақты жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматы облысында екі бірдей АЭС салынады, дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Қонаев қаласында ТҮКШ бөліміне жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz