Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жер үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Бет-аузы мен денесі күйіп қалған анасы мен баласы ауруханада жатыр.

04.08.2023
Арнайы жоба

«Әйелдің мойны, беті, аяқ-қолы – 35 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, бүгін бөлімшеге ауыстырылды. Ал баланың аяғының төменгі жағы күйген», — деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дәулет Тастанбеков

КТК телеарнасының хабарына қарағанда, Оқыс оқиға Тұздыбастау ауылындағы үйде болған. Екі қабатты коттедждің сырты бүтін болғанымен, іші бүлінген. 42 жастағы әйел үйдің жертөлесінде жұмысшыларға тамақ істемек болып, кенет газ баллоны лап етіп, баспананың астаң-кестеңін шығарған.

Әйелдің бет-аузы түгел күйіп қалды. Сол сәтте анасының жанында болған 22 жастағы жігіт те жарақат алды, бірақ жарылыс өртке ұласпаған.

Жаңа салынған үйге газ тартылған, бірақ келіншектің не себепті баллон қолданғаны әзірше белгісіз. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz