Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда ер адам бұрынғы әйелі мен оның анасын пышақтап кетті

Алматыдағы Қалқаман-2 ықшам ауданында ер адам бұрынғы әйелі мен енесін көшеде пышақтап кетті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

20.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Ер адамның бұл әрекеті көшедегі бейнежазбаға түсіп қалған. Оқиға 18 шілде күні, түнгі 00:00-ге таман орын алған.

Сырттан әйел адамның дауысын естіген Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Жарқынбек Айдарханбеков далаға жүгіріп шығады. Шыға бергенде, белгісіз ер адамның әйелді жарақаттап жатқанын көреді. Әскериді көрген күдікті сол маңдағы зиратқа қаша жөнеледі. Бірақ, Жарқынбек Айдарханбеков артынан қуып, тығылып отырған жерінен ер азаматты ұстап алады.

Күдікті Надира есімді бұрынғы әйелінің 11 жеріне пышақ сұққан. Ал, Надираның анасы Махира көмекке ұмтылғанда, оны 3 рет жарақаттаған. Алған жарақаттан Надираның ішкі ағзаларына зақым келіп, ішке қан кеткен. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Анасының жағдайы қалыпты орташа.

Алматы қаласы ПД-ның хабарлауынша, аталған факті ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Күдікті 31 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурызбай аудандық Полиция басқармасы істің мән-жайын анықтау үшін жан-жақты толық тергеуге бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр», – деді ПД өкілдері.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде банк реквизиттері таралып, дүйім жұрт Надира мен Махираның еміне ақша жинап жатыр. Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Надираның әкесі өмірден озған. Сондықтан қазір олардың қамқоршысы жоқ. Көмек көрсетем деушілер болса, Надираның Kaspi нөмірі: 8 (707) 998 09 12.

 

Тегтер: көмек

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz