Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бос жатқан және заңсыз пайдалануға берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шарасы жалғасып жатыр.

02.08.2023
Жаңалықтар

«Биыл жыл басынан бері мемлекет меншігіне пайдаланылмай тұрған және заңнаманы бұза отырып берілген 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне жалпы көлемі 5 млн гектар жерді қайтару жоспары бар. Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер бірінші кезекте халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге бағытталады. Қайтарылған жерлер аудандардың резервіне қойылады. Халық тиісті жайылым жерлермен қамтыған кейін қалған бөлігі конкурсқа шығарылады», — деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, жайылым туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта Парламент мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген «Жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында елді мекендерге іргелес жатқан жайылымдық жерлерді басқа алқаптарға ауыстыруға тыйым салу бөлігіне, Жер кодексіне, сондай-ақ, «Жайылымдар туралы» заңға рұқсат етілген жүктеме нормасын 20-дан 50% дейін арттыру бойынша түзету енгізілгелі жатыр. Жергілікті атқарушы органдар аталған заңға енгізілетін өзгерістерді назарға ала отырып халықты жайылым жерімен қамтуды жергілікті деңгейде шешуі керек», — дейді ведомстводан.

Тегтер: жерҚазақстанмемлекет

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz