Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 220-дан астам әйел оқыту курсынан өтті

Бұл туралы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды.

01.08.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Алматы облысында жұмыссыздық деңгейі – 4,6%, ал әйелдер арасындағы көрсеткіш 6%-ды құрайды. Аталған мәселені шешу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметованың айтуынша, мансап орталықтары (бұрынғы жұмыспен қамту орталықтары) арқылы жыл басынан тұрақты қызметке 4135 әйел тұрған.

Сондай-ақ:

  • қоғамдық жұмысқа 3886,
  • жастар практикасына 252,
  • әлеуметтк жұмыс орындарына 301,
  • алғашқы жұмыс орны жобасына 262,
  • күміс жас жобасына 492,
  • қысқа мерзімді оқытуға 229 әйел тартылған.

«Бизнес идеяларын іске асыру үшін 400 АЕК көлемінде 149 әйел грант алып, кәсібін ашты. Ал «Жастарға 2,5%-бен шағын несие беру» жобасы аясында 95 әйел 5 миллион теңгеге дейін кредит алды. Әйелдер қауымы көбіне мал шаруашылығы, нан-тоқаш өнімдерін,  киім-кешек бұйымдарын өндіру, бау-бақшамен айналысу, сабын, жуғыш заттар шығару үшін шағын несиеге өтінім берген», — деді Айгүл Ахметова.

Жиын барысында отбасылық жанжалдарды шешу және балалы әйелдерге уақытша мекен беру орталықтарын ашу мәселесі де талқыланды. Басқарма басшысының сөзінше, осы бағытта «Жанұя» орталықтары Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында ашылған. Онда 1500-ден астам адам тіркеліп, 388 әйелге ақпараттық-ресурстық қолдау, 181 адамға құқықтық-әдістемелік көмек көрсетіліп, 100 адам базалық тренингтерден, 31 адам оқыту курсынан өткен.

«Қонаев қаласы мен Іле ауданында осындай орталықтар ашылды. Онда қызмет көрсету үшін қаржы бөлінуі қажет болып тұр. Кеген ауданында «Жанұя» орталығын ашу үшін бюджетке өтінім берілді. Ал Жамбыл, Ұйғыр аудандарында бұл жұмыс 2024 жылға, Райымбек, Балқаш аудандарында 2025 жылға жоспарланған», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облыста жұмыспен қамту шараларымен 29 325 адам қамтылса, оның 14 738-і әйелдер.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz