Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көкжазық ауылдық округінің тұрғындары әкімнің қызметтен кетуін талап етіп отыр

Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округінің тұрғындары жергілікті әкімнің қызметтен кетуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

20.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сағади Талдыбаев Көкжазық ауылдық округінің әкімі қызметіне кіріскелі 20 жылдың жүзі болған. Алайда, тұрғындар осы жылдар ішінде іліп алар жұмыс нәтижесін көрмеген. Ауылдағы интернет, ауыз су, жол, жарық мәселелері әлі өз шешімін таппаған.

«8 маусым күні Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысы әкімінің орынбасары қатысуымен жиын өтті. Жиынды пайдаланып, көкейде жүрген сұрақтарымызды қойдық. Әкім тендер ойнатып жатырмыз деп, әңгімені жылы жапты. Бұл жиынға халық аз жиналды. Себебі, тұрғындардың көбі кездесу болатынын естімеген, естіртпеген де. Ал, жиынға келгендер — әкімнің таныс-тамырлары. Бізге өз уәжімізді толығымен айтуға мүмкіндік бермеді. Ал, интернет мәселесі көтерілгеннен бері 3-4 жыл өтті, әкім тек құрғақ уәде беріп келеді. Көктем-жаз маусымдарында да ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Біз сол кездесуде де жарықтың жиі өшіп қалмауын, балалар ойын алаңын салуды, интернет желісінің жылдамдығын көбейту үшін бір шара қолдануын сұрадық. Нәтиже жоқ. Ауыл әкімі орнынан кетуін талап етеміз», — дейді жергілікті тұрғындар.

Ескелді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Сағади Талдыбаев Көкжазық ауылдық округінің әкімі қызметіне екі рет тағайындалған: 1998 — 2012 жылдар аралығы және 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін.

«Барлығы жоспарға сәйкес жүріп жатыр, кезең-кезеңімен шешіледі. Демалыс күндері көше жарығының 10 бағанасын ауыстырдық, спорт алаңы салынып жатыр. Иә, интернет мәселесін шешу қиын, өйткені ауылдың географиялық жағдайы мүмкіндік бермейді. Ауыл төменгі жазықта орналасқан. Қазіргі уақытта округтің үш ауылында таза ауыз су бар, мектеп оқушыларын автобуспен мектепке жеткіземіз деп мақтана аламын», — дейді Сағади Талдыбаев.

Ауыл әкімі қызметтен кету-кетпеуі жайлы еш пікір білдірмеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Тегтер: Ескелді ауданыЖетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz