Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты  

Қаржылық сауаттылықты арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға болады. Осыған байланысты «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынған болатын. Қазір Еңбекшіқазақ ауданында қаржы мамандар халықты тегін оқытып жатыр. Қатысушылар қаражаттарын тиімді басқаруды, кіріс-шығысты оңтайландыруды үйренеді. Осылайша проблемалық берешегі бар жандардың қаржылық сауатын арттыру көзделуде.  

27.07.2023
Аймақ

«AMANAT» партиясы мен «Halyk bank»бірлесіп қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Осылайша, жыл соңына дейін Алматы облысында жалпы 10 мыңнан астам азаматтың қаржылық сауатын арттыру жоспарланған.Аталған жоба аясында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Талғар аудандарында 3 500 адам қаржылық сауатын арттырды.

«Оқыту курсы тұрғындарға ұнап жатыр. Халыққа пайдалы жоба екені жиі айтылуда. Ауыл азаматтары қаражатты үнемді, тиімді жұмсауды үйреніп келеді. Осы мақсатта қатысушыларға түрлі дәріс өткізіп, үй тапсырмасын береміз және пайдалы мәліметтермен бөлісеміз. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды, дұрыс мақсат қоюды үйретеді», – деді Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Зәмзәгүл Сламбекова.

Оның айтуынша, қаржылық сауатты арттыру курсына орта жастағы азаматтардан бөлек ақжаулықты аналар мен қазыналы қарттар дақатысып жатыр. Мәселен, С.Т. есімді зейнеткердің 22 жасар баласы соңғы екі жылда құмар ойынға тәуелді болып, онлайн микроқаржылық ұйымдардан 6несие рәсімдеген. Ұлында тұрақты табыс болмағандықтан несие төленбей коллекторлық компаниялар ата-анасына қысым көрсете бастаған.

«Ұлының берешектерін екі зейнеткер өз мойындарына алып, зейнетақысынан төлеп жүрген. Баласының шоттары бұғатталып, несие тарихы бұзылғанына байланысты ешқандай кәсіппен айналысуға мүмкіншілігі болмай, тұрақты жұмыс орнына тұра алмаған. Осы мәселе ата-анасының денсаулығына кері әсерін беріп, көп ауыратын болдық деп шағымданды», – дейді ментор.

 Зәмзәгүл Сламбекова қаржы курсынан кейін несие төлемдері мен құжаттарын талдау нәтижесінде зейнеткердің баласы 4 несиесін толық жабуға мүмкіндік алғанын атап өтті. Шоттары бұғаттан шығарылып, екі несиесі бойынша төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі жүргізіліп жатыр. Аясында, азамат жұмыс орнын тауып, тамыз айында ортасында жұмысқа шығатынын мәлімдеген.

Айта кету керек, оқуға қатысқан тұрғындардың 95 пайызында банктер мен микроқаржы ұйымдары алдында берешектері бар. Олардың көпшілігі бірнеше несие өтеп жатқаны анықталды. Тіпті арасында 12 несиесі бар отбасы да болған.

 

1 of 3
- +
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz