Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президент бизнесті қорғауға, бюджет қаржысын жымқырудың жолын кесуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

27.07.2023
Саясат

Жанат Элиманов өзара бағалаудың ФАТФ (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу топтары) стандарттарына сай сәтті өткені жөнінде мәлімдеді. Бүгінде Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобында бақылаушы мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ ол Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіткенін айтты.

Агенттік қызметінің нәтижесінде:

  • жыл басынан бері 94 миллиард теңге шығын өтеліп, активтер қайтарылды, 5 қылмыстық топ жойылды (тағы 3 іс жүргізіліп жатыр);
  • азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында суррогат алкоголь өндіретін 12 цехтың қызметі тоқтатылып, елімізге құны 5,3 миллиард теңге болатын электронды темекі әкелуге жол берілмеген;
  • заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекеттер нәтижесінде 11 жасырын казино және 2 букмекерлік кеңсе таратылған;
  • азаматтарды алаяқтық іске тартуға жол бермеу үшін 22 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылып, салымшыларға келтірілген 1,9 миллиард теңге шығын өтелген, қаржы пирамидаларын жарнамалайтын 5,3 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталған;
  • 14 облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 14 түрі бойынша баға төмендетілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қорғауға, сондай-ақ шетелге заңсыз қаражат шығарудың және ұлттық жобаларға бөлінетін бюджет қаржысын жымқырудың жолын кесуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz