1990 жылы туған ер адам тас жолдағы көпірден секіруге бел буған. Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен техникасы жөнелтілді.
«Құтқарушылар сағат 12:45-те оқиға орнына жеткенде ол жерде полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып тұр екен. Келіссөздер оң нәтиже беріп, ер адам көпірдің тіреуішінен бері қарай өтті. Оған еш қауіп төнген жоқ», – деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызымен ұрсысып қалғандықтан көпірден секірмек болған.





