Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгіннен бастап ҮАААЖ-мен (БАКАД) жол жүру ақылы болады

Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа емес, көлік ақылы жолда болған уақытқа және көлік түріне байланысты есептеледі, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.07.2023
Аймақ

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы – 1-А техникалық санатындағы автобан.

Бұл жолдың жалпы ұзындығы – 66 шақырым. Оның 52 шақырымы 6 жолақтық, 14 шақырымы 4 жолақтық жол. Бұл жолда сағатына 120-140 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Жалпы, жол бойында 43 көпір бар. Айналма жол Алматы облысының үш ауданын басып өтеді: Қарасай, Іле, Талғар ауданы.

Ал 12 шілде күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолда ақылы жүру туралы бұйрыққа қол қойды.

Автобанмен бір сағаттық жол:

  • жеңіл автокөліктер — 0,07 АЕК (241,5 теңге — 2023 жылға, 2024 жылы АЕК өзгеруі мүмкін — еск.);
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері — 0,08 АЕК (276 теңге);
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 5,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері — 0,14 АЕК (483 теңге);
  • 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері — 0,16 АЕК (552 теңге);
  • жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 0,2 АЕК (690 теңге);
  • жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары — 0,22 АЕК (759 теңге).

ҮАААЖ ақылы учаскесіне іргелес елдімекендерде тіркелген автокөліктердің иесіне ай сайынғы төлем қарастырылған:

  • жеңіл автокөліктер – 0,5 АЕК (1 725 теңге);
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 0,6 АЕК (2 070 теңге);
  • 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1 АЕК (3 450 теңге);
  • 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 1,5 АЕК (5 175 теңге);
  • жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2 АЕК (6 900 теңге);
  • жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 2,5 АЕК (8 625 теңге).

Жылдық абоненттік төлем (365 күн):

  • жеңіл автокөліктер – 5 АЕК (17 250 теңге);
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 6 АЕК (20 700 теңге);
  • 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктер – 10 АЕК (34 500 теңге);
  • 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 15 АЕК (51 750 теңге);
  • жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 АЕК (69 000);
  • жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 25 АЕК (86 250 теңге).

Автобанды 16 жыл бойы жөндеу, сырлау, әрлеу жұмыстары осы жолды салған, түріктің «Alarko contracting group» компаниясы мен кореялық «Makyol» компанияларының инвесторлардың құзырында болмақ.

Тегтер: ақылы жолБАКАДБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz