Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Асқар Забикулин жайлы сериал қыркүйекте көрсетіледі

Батырлықпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин жайлы телесериал қыркүйекте көрсетіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

21.07.2023
Саясат

«Соңғы жылдары елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқанын білесіздер. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда. Сондай фильмнің бірі — қалтарыстағы қаһарманды, тасадағы тұлғаны, арамызда жүрген бүгінгінің батырларын арқау ететін «Қаhарман» атты телеөнім. Мемлекет басшысы тапсырғандай қарапайым еңбек адамын насихаттауды мақсат еткен телесериалдың басты кейіпкері — өткен жылы ғана тілсіз жаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші — Асқар Забикулин», — деді министр.

Ол атағандай, алапат өрт кезінде опат болған батыр бауырымыздың бейнесін көрсететін, сол арқылы жалпы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жанқияр ерліктері һәм ерен еңбектерін шынайы суреттейтін телесериал нақты деректер арылы өрбиді.

«Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездестім. Бұл жерге Асқардың жұбайы Анель мен қыздары Адия, Дамина да келген екен, олармен әңгімелестік. Анель сериалдың сценариіне көңілі толатынын айтты. Министрліктің қолдауымен «Bas production» компаниясы түсіріп жатқан сериал бұйырса қыркүйек айында «Astana» арнасынан көрсетіледі. Түсірілім тобына сәттілік тілейміз», — деп жазды Қыдырәлі.

Тегтер: Асқар Забикулин

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz