Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да тұрғындардың 770 млн теңгесін иеленген қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

18.07.2023
Қоғам

Ведомство мәліметінше, аталған компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде беріп отырған.

Сонымен бірге «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

«Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Тегтер: БҚОқаржыпирамида

Соңғы жаңалықтар

Алатауда Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қонаевта нашақорлықтың алдын алуға арналған денсаулық фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Экология министрлігі Шарын ұлттық паркі туралы қызықты деректер жариялады

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Ұйғыр ауданында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

2026 жылғы әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz