Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

«Ертіс орманы» резерватында 850 га жер өртенді

Павлодар облысындағы өртке байланысты жедел штаб құрылып, өзге аймақтардан мамандар мен техника тартылып жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы кезекші бөлімінің бастығы Эльдор Райымбеков мәлім етті.

16.07.2023
Арнайы жоба

«2023 жылғы 15 шілдеде Павлодар облысындағы өрт бойынша дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Бұл жерде келіп түскен соңғы ақпаратқа талдау жасалады. Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі өрт аумағын тікұшақпен бақылау жасады. Өрттің ауқымы 850 гектарды құрап отыр. Тілсіз жаумен күреске Астана қаласынан, ШҚО және Қарағанды облысынан қосымша күш жұмылдырылды», — деді Эльдор Райымбеков.

Оның мәліметінше, «Ертіс орманы» резерватындағы өртті сөндіруге 300-ден астам маман және 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

«Сонымен қатар 5 тікұшақ өрт сөндіріп жатыр, олар осы кезге дейін 22 рет (66 тонна) су шашты. Жалынның алдын алу және жою мақсатында командалық штат құрылды. Өрт туралы космомониторинг арқылы да ақпарат жиналып жатыр», — дейді ол.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманнан өрт шықты.

Сондай-ақ министр Сырым Шәріпханов жағдайдың бақылауда екенін айтып өтті.

 

Тегтер: өртПавлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz