Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл алты ай ішінде төтенше жағдай болған аймақтардан 590 адамның денесі шығарылды – ТЖМ

Биыл жарты жылда «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 3 миллионнан астам қоңырау түскен.

16.07.2023
Жаңалықтар

«Биыл 6 айда республика бойынша «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне халықтан 3 249 259 қоңырау түсті. Шақырулар бойынша өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және Республикалық жедел-құтқару жасағы 5 188 (оның ішінде Түркияда — 7) адамды құтқарып, 6 188 тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккен 131 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, төтенше жағдай орындарынан 590 (оның ішінде Түркияда — 88) адамның денесін шығарды, 38 687 рет дабыл бойынша шықты, оның ішінде өрт — 5 556, авариялық-құтқару жұмыстары — 7 556, өрт ретінде есепке алынбайтын жану — 21 927, көрінеу жалған шақырту — 115, расталмаған жану фактілері — 1 537, басқалары — 1 578», — делінген министрліктің сайтында жарияланған жарты жыл ішіндегі жұмыстардың есебінде.

Ведомство қарамағындағы «Апаттар медицинасы орталығы» зардап шеккен 2 418 тұрғынға медициналық көмек көрсеткен. Сонымен қатар орталық мамандары 1 744 адамды құтқарып, 834 қазақстандықты эвакуацияланған.

«Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстар бойынша 1 195 рет ұшты. Оның ішінде санитариялық авиация желісі бойынша 171 науқас тасымалданды», — делінген ТЖМ-нің есебінде.

Тегтер: ҚазақстанТЖМ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz