Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындары «арзан жер сатамын» деген алаяққа алданып қалған

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында миллиондаған қаржысын жер алуға салған тұрғындар шу шығарды. 250-ге жуық адам алаяқтың айласына алданып қалғандарын айтады.

14.07.2023
Аймақ

Сөздерінше, көршілес жатқан Мичурин ауылының азаматы арзан бағада жер сатамын деп тиісті құжаттарды көрсеткен. Егде жастағы адамның айтқанына сеніп қалдық деген тұрғындар қолда бар ақшаларын танымайтын адамның есепшотына аударып жіберіпті. Қазір жерсіз, қаражатсыз қалған көпшілік ақша берген жанды таппай жүр. Ал халық құзырлы орган бірнеше жылдан бері арызымызды қабылдамайды деп ашулы.

Тұрғындардың айтуынша, екі жыл бұрын белгісіз азамат арзан бағада жер телімін сатамын деп қолындағы құжатын көрсеткен. Әрі заңды деп сендірген. Тек 3,5 миллион теңгені есепшотқа аударуды талап етіпті. Арзан бағада жер алмақ болған ауылдықтар бірі несие алып, бірі мүлкін сатып ақшаны қалайда тауып жіберген. Бірақ жылдар бойы телімді де, ақшамызды да ала алмай жүрміз дейді. Ал азаматтың өзін сол күйі көрмедік деп отыр. Ең сорақысы құзырлы органдағылар халықтың арызын қабылдамай келеді дейді бұқара.

«Ол предоплата жасаңдар. 2023 жылдың наурыз айына дейін құжат дайын болады, сосын бөліп беремін деп ақша алды. Одан кейін 3 балама алып берейін деп, тағы 2 учаскеге ақша бердім мен. Жалпы 7 миллион 800 мың теңге. Үйіне іздеп барсақ. Үйін сатып жіберді дейді. 100 шақты адам сол жерде тұр екен. Жұрттың жанайқайын аудан әкімі бүгін ғана естідім деп аң-таң. Енді мәселені қолға аламын деп сендірді», — дейді Талғар ауданының тұрғыны Махмұт Сейдаров.

Тегтер: Алматы облысыжерзаңсыз әрекетТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Іле ауданында референдум учаскесіне суперқаһармандар келіп, дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум учаскелері жабылар алдында белсенділік артты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Байсеркеде байкерлер сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Іле ауданында референдум күні «Ана бейнесі» фотокөрмесі өтті

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Screenshot

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ ЕРЕКШЕ КЕЙІПТЕ КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАР НАЗАР АУДАРТТЫ

Мөлдір Иманмади
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz