Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Текеліде қоқыс орнынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды

Оптикалық көздеуіш және жорықтық фонарь Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

13.07.2023
Аймақ
Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Жетісу облысының полицейлері мен ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар барысында Текелі қаласындағы тұрмыстық қалдықтар жиналған қоқыс арасынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды.

«Жасырын орында қарудың бүкіл арсеналы болды. Екі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, «Olimpic» револьвері, газ тапаншасы, түрлі калибрлі 50-ден аса патрон, оптикалық көздеуіш және аңшылық фонарь табылды», – деді Текелі қаласы полиция бөлімінің бастығы Мәулен Қасымжан.

Қару-жарақ тәркіленіп, аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімінде («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») көзделген қылмыстық іс қозғалды. Оптикалық көздеуіш және жорықтық фонарьдың 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласы аңшылық дүкендерінің бірінен ұрланғаны анықталды.

Полиция заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар (егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқықбұзушылық құрамы болмаса), жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Тегтер: Жетісу облысыТекелі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz