Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Ертеңнен бастап Еgov.kz порталы арқылы грантқа құжат қабылдау басталады

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарқожаев биыл грантқа құжат қандай тәртіп бойынша қабылданатынын түсіндіріп берді.

12.07.2023
Қоғам

«Биыл біз грантқа құжат қабылдауды екі түрлі әдіс арқылы жүзеге асырамыз. Біріншісі – ол Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылдау. Осы жүйенің көмегімен талапкер өзінің құжаттарын жүктеп, жолдайды. Кейін қажетті мәліметтер жинақталып, біздің Ұлттық тестілеу орталығының базасына түседі. Яғни, портал мен орталықтың ақпараттық жүйесі өзара байланысты болады. Барлық процес онлайн режимде өтеді. Ертеңнен бастап Еgov.kz порталында грантқа құжат қабылдау бойынша арнайы қызмет іске қосылады», — деді Нұрбек Сапарқожаев.

Спикердің мәлімдеуінше, егер порталда ақау немесе интернет сапасы нашар болса, онда талапкерлер өздерінің құжаттарын оқу орнының қабылдау комиссиясына апарып, тапсыра алады.

«Құжат қабылдаудың екінші жолы – жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына барып, үйреншікті жолмен құжат тапсыру. Ол да Ұлттық тестілеу орталығының ақпарттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Біз кеше жоғары оқу орындарының техникалық хатшылары, төрағаларымен жиналыс өткіздік. Оның барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл процеске барлығы дайын деп ойлаймыз», — деп мәлім етті Нұрбек Сапарқожаев.

Комитет төрағасының орынбасары техникалық ақаулар болған жағдайда, оны жою бойынша жұмыс істейтін штаб құрылғанын мәлім етті.

«Біз арнайы штаб құрдық. Ол қандай мәселе бойынша кімге хабарласу керек, қандай олқылықтар шықты, деген сұрақтармен айналысады. Штабтың байланыс нөмірлерін жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін қабылдау комиссияларына жолдадық. Олар бізбен тікелей байланыста болады», — деп түйіндеді Нұрбек Сапарқожаев.

Спикердің сөзінше, 13-20 шілде аралығында талапкерлерден құжат қабылданады.

Тегтер: грантҚазақстанқұжат

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz