Алматы облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда аптап ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны +35+37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семейде де өрт қаупі жоғары. Күндіз сынап бағаны +35+36 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде +35 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында өрт қаупі жоғары. Өскеменде күндіз +35 градус аптап ыстық болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында дауыл тұрып, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында сынап бағаны +38 градусты көрсетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Найзағай кезіндегі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында өте қатты ыстық болады: +40+42 градус. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз аптап ыстық болады: +40+42 градус. Көкшетауда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-18 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Орал қаласында да өрт қаупі жоғары.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +40+42 градус. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да күндіз аптап ыстық болады: +40+42 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +39 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, күндіз қатты ыстық болады: +37+39 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны +35+38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз қатты ыстық болады. +36+38 градус.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында апап ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны +42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз өте қатты ыстық болады: +40+42 градус. Төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35+37 градус. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз аптап ыстық болады деп болжанады: +36 градус.
Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін: +35+36 градус. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады деп болжанады: +35+36 градус. Өрт қаупі жоғары деп күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда өрт қаупі жоғары.