Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астанадағы жағдайды жақсартуға 1 жыл уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2023 жылғы 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтылған тапсырмалар дер кезінде және тиімді орындалуы керектігін айтты.

11.07.2023
Саясат

Президент Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс деп қадап айтты.

«Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады. Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс. Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін», — деді Президент.

Оның айтуынша, «Елорданы дамытуға қатысты барлық мәселелер кешенді және дәйекті түрде шешілуі керек».

«Осы мақсатта «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңға тиісті түзетулер енгізу кезек күттірмейтін мәселе. Әкімдіктің өкілеттігі мен жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан күшейткен жөн. Мұндай тұрақты даму үшін Астана сияқты үлкен шаһарды тиімді және сапалы басқару қажет. Жалпы, елорданы дамыту үшін ең алдымен әкімдік, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары арасында сенімді серіктестік орнату қажет. Оны анық түсіну керек. Басты міндет – барлық азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: астанажеңіс қасымбеккеңесмемлекет басшысытапсырма

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz