Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Балық шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Марапатты облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов табыстады.

10.07.2023
Аймақ

Еңбегі еленіп, құрметтелгендер қатарында Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы инспекция қызметкерлері мен ардагерлері, балық аулаумен және өсірумен айналысатын шаруашылықтар қызметкерлері болды.

«Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен 3 маман, осы саладағы мінсіз қызметі үшін 7 маман, бірқатар қызметші Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

1 of 7
- +

«Балық шаруашылығы — Алматы облысындағы перспективалы саланың бірі. Қазіргі таңда өңірде су қоймаларының, көлдердің төлқұжаттары дайындалып жатыр. Бұл өз кезегінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Биыл облыста 9000 тонна балық өндірілмек. 2030 жылға қарай көрсеткіш 25 мың тоннаға дейін артады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту мақсатында 150 млн теңге субсидия қарастырылғанын да айта кеткен жөн. Бұдан басқа, тартылған инвестиция көлемінің жартысын өтеу үшін облыста 450 млн теңге қарастырылған. Осы салада аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекемен құттықтаймын», — деді шарада тілшілерге сұхбат берген Алмас Батанов.

Бүгінгі күні Балқаш-Алакөл бассейнінде 49 балық шаруашылығы субъектілері қызмет етеді. Аталған салада 1500-ден астам адам жұмыс істейді.

2021-2022 жылдар аралығында облыс аумағында жылдық қуаты 1550 мың тонна тауарлық балық өсіретін 9 шаруашылық іске қосылып, 250 жаңа жұмыс орыны ашылды. Тартылған инвестиция көлемі — 8,2 млрд. теңгеден астам.

Тегтер: Алмас БатановАлматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz