Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданының көкпаршылары облыстық чемпионатта жеңіске жетті

6-9 шілде күндері Қарасай ауданындағы «Гүлнар бақ» атшабарында аударыспақ пен көкпардан облыстық чемпионат өтті.

10.07.2023
Аймақ

Дода Елорданың 25 жылдығын тойлау мақсатында ұйымдастырылды. Біріншілікке 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Көкпарда Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген, Жамбыл, Қарасай аудандарының атынан 5 команда өнер көрсетіп, кегендіктер суырылып алға шықты. 2-орынды Жамбыл ауданы, 3-орынды қарасайлықтар жеңіп алды.

«Бізде ұлттық ат спорт түрлерімен 500-ге жуық оқушы айналысады. Олар үшін жылқылардың ең мықтысын таңдап алуға тырысамыз. Әрі біздің өзіндік тактикамыз да бар. Бір ойыншы серкені көтеріп жатса, келесісі оны бәсекелестерінен қорғап тұрады, үшіншісі қарсылас командаға өзі «шабуылдап», қазандыққа жолды тазалап отырады. Бұл біріншіліктен кейін біздің спортшылар үлкен белестерді бағындыратынына сенімдіміз», — деді Қарасай ауданындағы спорт мектебінің директоры Амандос Әукенов.

Ал аударыспаққа 50-ден астам салт атты қатысты. Олар 9 салмақ дәрежесінде ойын көрсетті.

Жарыс нәтижесі келесідей:

42 келі салмақ дәрежесінде:

1-орын — Азамат Даурен (Еңбекшіқазақ ауд.)

2-орын — Байбулан Айқын (Еңбекшіқазақ ауд.)

48 келі салмақта:

1-орын — Әбдрахман Ақжол (Кеген ауд.)

2-орын — Қойлюбай Алдияр (Еңбекшіқазақ ауд.)

3-орын — Матенов Жүрсін (Еңбекшіқазақ ауд.)

54 келі салмақта:

1-орын — Сабит Санжар (Райымбек ауд.)

2-орын — Олжаев Марлен (Қарасай ауд.)

3-орын — Манасбай Мирас (Еңбекшіқазақ ауд.)

59 келі салмақта:

1-орын — Ерғали Ақжігіт (Райымбек ауд.)

2-орын  — Қайрат Абдусабыр (Райымбек ауд.)

3-орын — Мейрамбекұлы Ғабдуғазиз (Жамбыл ауд.)

65 келі салмақта:

1-орын — Сарсембай Сұлтанбек (Райымбек ауд.)

2-орын — Тынышбаев Дінмұхамед (Қарасай ауд.)

3-орын — Ізтілеуов Шыңғыс (Қарасай ауд.)

71 келі салмақта:

1-орын — Төкенұлы Алмас (Райымбек ауд.)

2-орын — Кеңесхан Алихан (Жамбыл ауд.)

3-орын — Пулатжан Ислам (Еңбекшіқазақ ауд.)

77 келі салмақта:

1-орын — Омархан Нурислам (Райымбек ауд.)

2-орын — Обылжан Әділет (Райымбек ауд.)

3-орын — Еркен Руслан (Еңбекшіқазақ ауд.)

Жалпы командалық есепте:

1-орын — Еңбекшіқазақ ауданы

2-орын — Кеген ауданы

3-орын — Жамбыл ауданы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамота, медаль, кубок және тиісті дәрежелі дипломымен марапатталды.

Тегтер: Алматы облысыкеген ауданыкөкпар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz