Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Oceanman Kazakhstan – 2023» жарысы өтіп жатыр

Халықаралық турнир Қонаев қаласы маңындағы «Heaven club» демалыс орнында 8-9 шілде күндері өтеді.

08.07.2023
Аймақ

Биыл ашық суда жүзуден жарыс Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналды.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев биыл қатысушылардың, спортшылардың, жанкүйерлердің былтырдан қарағанда көп екенін айтты.

«20 мемлекеттің өкілдері келді. Жалпы бұл турнир әлемнің 15 мемлекетінде өтсе, екі жыл қатарынан Қонаевта өтіп жатыр. Барлығыңызды Астананың 25 жылдығымен құттықтаймын! Жарыс сәтті өтсін», — деді өңір басшысы.

Ал Рио-де-Жанейрода өткен олимпиаданың жүзуден чемпионы Дмитрий Баландин мұндай халықаралық жарыстар елге келетін туристер ағынын көбейтетін, ендігі жылы осы жарысқа қатысуды мақсат етіп отырғанын айтты.

«Мұнда тек спортшылар ғана емес, әуесқойлар да, сондай-ақ жасы да, спорт ардагері де бақ сынасуда. Үлкендер мен тәжірибесі барлар үшін бұл төзімділікті сынап көретін кезекті жарыс. Ал жастарға үлкен спортқа жол ашады», — деді ол.

Турнирдің бірінші күні ауа райына байланысты 10 шақырымдық жүзу бәйгесі кейінге қалдырылды. 5 шақырымдық қашықтыққа 750 адам жүзді.

«Бұл өте қызықты әрі тартысты сайыс. Ұйымдастырушыларға рақмет. Мен бірнеше жылдан бері жүзумен айналысамын, оның ішінде, ашық суда да жүзе беремін. Мұндай шаралар Қазақстанда көптеп өтуі керек», — деді қатысушы өз пікірінде Айбек Тлешев.

Ертең «SPRINT 1,5 км» и «OCEANKIDS 800 м» кезеңдері өтеді.

Алғаш рет 2015 жылы Италияда ұйымдастырылған Оушенмэн франшизасы тез арада бүкіл әлемге танымал боп шыға келді. Былтыр Қонаевта өткен жарысқа 3000-ға жуық қатысушы мен жанкүйер жиналған еді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz