Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жайылым жерге жарымаған ауыл тұрғындары жанайқайын жеткізді

Жер қалталылар мен жергілікті шенеуніктердің жақындарынан артылмайды. Алматы облысындағы Нұрлы ауылының тұрғындары осылай деп наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.

19.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

2 жылдан бері егістік алқап пен жайылым жерге жарымай отырған жұрт малды батпаққа жаюға мәжбүр. Өйткені, ауылдың айналасындағы жер түгел жекенің меншігіне өтіп кеткен. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұрлы ауылы тұрғындарының талабы бір – жекенің меншігіне кеткен жерлерді жергілікті жұртқа қайтару.

«Жангелді деген кісі 120 гектар жер алған. Жастар ауылда қалсын дейсіздер. Жастар ауылда қайдан қалады, ауылда істейтін жұмыс жоқ. Жермен айналысайық десек, бәрін 400-500 гектарлап 8-ақ адам алып алған. Біз сонда жастар не тірлік қыламыз бұл ауылда?», — дейді ауыл тұрғыны Айдар Нүсіпбеков.

Төрт түліктің арқасында күнелтіп отырған бұл ауылда мыңнан аса халық тұрады. 2 жылдан бері бірінің малы көк қуалап үйлердің жанын жағаласа, өзгелерінікі батпақ пен ну қамысты тебініп жүр. Себебі, жер иелері өз маңына мал түгілі, жан аяғын бастырмайтын көрінеді.

«Мұхит деген кісі бұл жерге негізі ағаш отырғызамын деп алған. Ағаш көріп тұрған жоқсыздар, қазір бәрі егістік. Соя, жоңышқа егіп жатыр. Мына жағының бәрін түгел айналдырып қазып тастаған. Осы ауыл тұрғындарының малы түсіп өліп жатыр. Оған жауапкершілікті ешкім мойнына алып жатқан жоқ. Сондықтан, біздің талап ететініміз осы жерлерді қайтарып алып берсін жергілікті халыққа», — дейді ауыл тұрғыны Есенаман Әбдіқайыров.

Ал Масақ ауылдық округінің әкімі Ертай Нұрмаханов, жергілікті халық заңсыз деп тапқан егістік алқаптарды тексеру біздің құзыретімізге кірмейді, мәселеге аудан әкімдігі мен арнайы комиссия жауап береді деді. Оның айтуынша жайылым жер ауылда жеткілікті.

«Мал жаятын жер жоқ дегенге келіспеймін. Нұрлы ауылы бойынша бізде 4 мың 200 гектар жердің мемлекеттік актісі шығарылған. Енді Еңбекшіқазақ ауданындағы жер комиссиясынан 2800 гектар, қосымша 3200 гектар жердің қорытындысы шығарылды. Сондықтан, мал жаятын жер бар. Нұрлы ауылында негізі 2440 гектар жер болған. Қазір оның 2350 гектар жері пайдалануда», — дейді Ертай Нұрмаханов.

Дегенмен, тұрғындардың мал санын алып, жайылымдық жерге бөлген кезде тек жартысы ғана қамтылып отырғанын әкім мойындаған. Жергілікті халықтың айтуынша жер шенеуніктер немесе солардың жақындары, дос-жарандарына берілген.

Әкімдіктегілерден әбден күдер үзген Нұрлы ауылының тұрғындары облыстың жаңа басшылығына үміт артып отыр. Көпшілігі прокуратура мен сотқа арызданып үлгерген.

Тегтер: жайылымжер

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz