Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде биыл 28 маусымнан бастап Алматы – Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылған.
Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.