Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Олжас Сыздықов ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

01.07.2023
Саясат

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Олжас Олжабайұлы Сыздықов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Олжас Сыздықов 1987 жылы Целиноград облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Топырақтану және агрохимия кафедрасының лаборанты болып бастаған.

2010-2012 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің сарапшысы; менеджері.

2012-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы.

2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті Өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының сарапшысы, басшысы.

2014-2019 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті басқармасының басшысы, директорының орынбасары.

2019 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары болды.

2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры болып қызмет етті.

Тегтер: жаңа басшытағайындауүкімет

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz