Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 80-нен астам ауыл интернетпен қамтылады

Бұл туралы Алматы облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Ақыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

01.07.2023
Аймақ

«ҚР-ның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі іске асырған «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елдімекендерді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы аясында Алматы облысында интернет 160 ауылға жеткізілді. Осы жоба аясында «Транстелеком» АҚ бастамасы бойынша 24 елдімекеннің халқы жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта министрлік осындай жобамен облыстың 70 ауылын қамтуды жоспарлап отыр», — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар спикер басқа да компаниялардың жұмысы туралы айтты. Мәселен, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ спутниктік технология бойынша Қарасай ауданының Жыңғылды және Құрқұдық ауылдарының тұрғындарын интернетке қосқан. Аталған компания Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарындағы халық аз қоныстанған Қарабастау және Сарытау ауылдарының азаматтарын ғаламтор желісіне қоспақ ниетте.

Ал «КаР-Тел» ЖШС болса, Ұйғыр ауданының Кепебұлақ ауылын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, сондай-ақ жыл соңына дейін Балқаш ауданының Орақты батыр, Қараөзек және Қоскүмбез ауылдарын мобильді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, биыл үйдегі сымсыз ғаламтор технологиясы бойынша халық саны 250 адамнан кем 6 елдімекенге интернет жеткізу жұмысы қолға алынған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаринтернет

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz