Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында аудандық жедел жәрдем көліктерінің үштен бірі жаңартуды талап етеді

Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету стансасының директоры Есхат Жантоков мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

29.06.2023
Аймақ

Спикердің сөзінше, облыстың жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз қамтамасыз етілген әрі көліктерге медициналық құрал-жабдықтар қойылған.

«Қазіргі таңда станса балансында 150 жедел жәрдем көлігі бар. Тұрғындарға 143 бригада қызмет етеді, оның ішінде 20-сы дәрігерлік бригада. Көліктер GPS навигациясы бар медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған», — деді Есхат Жантоков.

Ал аудандық емханалардағы жедел жәрдем көліктері бойынша спикер олардың үштен бірі жаңартуды талап ететінін айтты. Бүгінде 89 автокөлік сатып алу үшін 2 380 350.0 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілген.

Облыстағы бірыңғай диспетчерлік қызметке күніне 2000-2200 қоңырау түседі. Сол хабарларға сәйкес, биыл жол-көлік оқиғаларының өскені байқалады.

Айта кетейік, өңірде 1 млн 500 мыңнан астам халық тұрады. Елдімекендердің арақашықтығы мен орналасуын ескере отырып, жедел медициналық жәрдем бригадаларының қызмет көрсету радиусы 9 км-ден 300 км-ге дейін құрады. Облыста 1 жедел медициналық және шұғыл жәрдем стансасы, 11 қосалқы станса және 51 дислокация ұйымдастырылған.

Тегтер: Алматы облысыжедел жәрдемкөлік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz