Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Суицид жасаған ауыр атлет Седовтың отбасына 5 млн теңге беріледі

Ауыр атлет кеше өз-өзіне қол жұмсаған еді.

28.06.2023
Жаңалықтар

Қазақстан чемпионы Владимир Седовтың қазасына орай ауыр атлетика федерациясы марқұмның отбасына 5 млн теңге көмек берілетінін мәлімдеді.

Владимир Седов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы.

«Ол бала кезінен қазақстандық спортқа берілген. 2008 жылғы олимпиадада 84 келіге дейінгі санатта төртінші орын иеленді. Үздік жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған», — делінген федерация мәлімдемесінде.

Владимир Седов 35 жаста еді.

«ҚР Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына бес миллион теңге көлемінде көмек көрсетеді, сондай-ақ ұлын тәрбиелеуде қажетті қолдау жасайды», — делінген хабарламада.

Федерация спорт ардагерлерін қолдау жөніндегі бағдарлама әзірлемек. Осылайша мұқтаж ауыр атлеттерге қажетті көмек көрсетіледі. Биыл осы бағдарлама бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдауға демеушілік қаражат есебінен 10 миллион теңге бөлінеді.

Еске сала кетейік, 27 маусымда ауыр атлет Владимир Седовтың ауылдағы өз үйінен өлі күйінде табылған еді.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы суицид жасады

Тегтер: ауыр атлетВладимир Седовқаржы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz