Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

28.06.2023
Саясат

«Құрметті журналистер!

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйесін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың мән-мағынасы зор. Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері айрықша рөл атқарады.

Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық диалог жүргізудің ашық алаңына айналып, мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтуға зор үлес қосып жүр. Еліміздің журналистері озық ой мен тың идеялардың таралуына дәнекер болып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтереді. Сондай-ақ оқиғаларды жан-жақты зерделеп, популизм мен арандатушылыққа тосқауыл болады. Бұл – айрықша маңызды миссия.

Отандық медиа саласы қаламы жүйрік, ойы ұшқыр тілшілер қауымының кәсіби біліктілігі мен күнделікті тынымсыз еңбегінің арқасында дамып келеді. Қазақстан журналистері – өз ісінің хас шеберлері ғана емес, азаматтық ұстанымы берік патриоттар.

Осындай жауапты қызметте әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін!», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: БАҚқұттықтаумемлекет басшысымереке

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz