Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген.

27.06.2023
Жаңалықтар

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді – 18 744 грант; «Педагогика ғылымдары» – 12 560 грант; «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 10 103 грант; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» – 7 388 грант.

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.

Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2023-2024 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», — деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланып отыр:

Бакалавриат: http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6267&fbclid=IwAR0cuRsUz03i9uUX3GH6wuN9hnN4E8SY7tJ8YU3wOQvd4xmoRMvrCFjPxNk

Магистратура: http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6268&fbclid=IwAR0ZcNM9Gw1maXepq-lBfpY3J4cb32SKnX5JtzefiNwJCtJcO6h_u9r9ZdQ

Докторантура: http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6270&fbclid=IwAR3oUP6sOCiVquS6mo6IDyK5lvdrPDIR_C7CDDQap30t1bDSsBNBEg2obYs

Тегтер: грантмемлекеттізім

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz