Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Смайылов 1 шілдеде күшіне енетін Әлеуметтік кодекс жайлы айтты

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әлеуметтік кодекс жайлы айтты.

27.06.2023
Қоғам

«Өздеріңіз білетіндей, жаңа Әлеуметтік кодексті Парламент қабылдап, Мемлекет басшысы қол қойды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Кодексте ұсынылып отырған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін қайта ретке келтіруге мүмкіндік береді. Жалпы, Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған», — деді ол.

Осылайша, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша барлық заңнама бір жүйеге келтірілген.

«Әлеуметтік кодексте күші жойылған 10 заңның негізгі нормалары сақталды.

Сонымен қатар бірқатар жаңа ережелер қарастырылған. Олардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Кодекстің маңызды жаңалығының бірі зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру болып табылады. Биылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ке өседі.

Яғни, 2 миллионнан астам зейнеткер осы қолдау шараларымен қамтылады.

Жалпы, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ке арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азаматтар өздерінің зейнетақы активтерінің 50%-ін сенімгерлік басқаруға беруге құқылы болады», — деді ол.

Смайылов атағандай, жинақтардың қалған бөлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалады.

«1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағы 14,5%-ке ұлғаяды.

Жалпы өсім – 23%-ті құрайды. Мүгедектік медициналық мекемелерге міндетті түрде бармай-ақ және растау алмай-ақ, проактивті түрде белгіленеді.

Қорытындыны тәжірибелі дәрігерлерден құралған тәуелсіз сарапшылар береді.

Балалы отбасыларды қолдау үшін Алтын алқа, Ана даңқы және «Батыр Ана» наградаларымен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері сараланды.

Еліміз бойынша 90 мыңға жуық ана жоғары жәрдемақы алады. Жаңа Кодекске сәйкес Еңбек ұтқырлығы орталықтары құрылуда.

Өңірлерде жұмыс орындарының бірыңғай базасы болады. Бұл жұмыс іздеу процесін жылдамдатады», — деді Үкімет басшысы.

Тегтер: Әлеуметтік кодексӘлихан СмайыловҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz