Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанайда өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен құтқарушыларға қатысты сот басталды

22 маусымда Қостанай сотында атышулы сот процесі басталды. Бірден 15 өрт сөндірушіге айып тағылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

23.06.2023
Жаңалықтар

Қылмыстық істегі негізгі айыпталушы тұлға – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының басшысы. Бауыржан Әлімбаевқа бірнеше рет қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін жымқырды деген айып тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, ол аттестациядан өту немесе басқа қызметке ауысу үшін қарамағындағы қызметкерлерден ақша алған. Пара көлемі 30 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін жеткен. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, осылайша қызметкер жарты миллион теңгеге дейін табыс тапқан.

Әлімбаевтан бөлек бұл іске тағы 14 адам қатысып отыр. Олардың арасында аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің бірнеше басшыларымен бірге қатардағы құтқарушылар да бар. Оларға пара берді деген айып тағылып отыр.

Қазір тек Әлімбаев қамауға алынды, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалған айыпталушылардан ешқайда шықпау туралы қолхат алынған.

Тегтер: Қостанайқылмыстық топсот процесі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz