Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда көлемін $1 млрд-қа жеткізуді жоспарлап отыр

Биылғы 4 айдың қорытындысына сәйкес өзара сауда айналымы 40%-ға артты.

22.06.2023
Саясат

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің биыл аталып өтілетін 100 жылдық мерейтойының маңызы зор екенін айтты.

Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастар сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Әзербайжан – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 40%-ға өсіп, $460 млн-нан асты. Биылғы 4 айдың қорытындысына сәйкес өзара сауда айналымы $185 млн-ды құрап, 40%-ға артты.

«Тауар айналымын $1 млрд-қа жеткізу жөніндегі алдымызға қойылған міндетке сәйкес, біз Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Ильхам Әлиев ҚР премьер-министрінің Әзербайжанға ресми сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Біздің ынтымақтастығымыздың күн тәртібі өте ауқымды, ол жылдан жылға кеңейіп келеді. Президенттер деңгейінде қабылданған келісімдердің жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастың өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сонымен қатар оларды әрі қарай дамыту үшін бізде орасан зор әлеует бар. Біз келіскен шараларды іске асыру тауар айналымының ұлғаюына ықпал етіп, энергетика, көлік және басқа салаларда бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін бизнеске қосымша мүмкіндіктер жасайды», — деді Ильхам Әлиев.

Тегтер: ӘзербайжанӘлихан СмайыловҚазақстансаудаүкімет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz