Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

2019-2021 жылдары елде 148 599 неке бұзылған

Ажырасу фактілері әсіресе 5-9 жыл аралығындағы некелер арасында байқалған.

22.06.2023
Қоғам

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты.

«Толық емес отбасылар» санатын «Бақытты отбасы» бағдарламасына қайтару туралы айтсақ, қазіргі таңда тұрғын үй алуға кезекте мынадай санаттағы азаматтар тұр: көп балалы отбасылар (103 мың азамат), 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (54 мың азамат), мүгедектігі бар балалары бар отбасылар (25 мың азамат), жетім балалар (63 мың азамат). Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санатындағы кезек 75% өскен. (2019ж. – 85,4 мың азамат кезекте болса, 2023ж. — 150,2 мың болған) және олардың үлесі кезекте тұрғандардың жалпы санының (641 мың адам) 24%-ына жеткен. Бұл өз кезегінде кезекте тұрғандардың жасанды өсуіне әкелді. Басқа санаттар арасында әлеуметтік наразылық тудырды. Көбінесе бағдарламаға қатысу және осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жалған неке қию, мәртебені сақтау немесе алу мақсатында неке қиюды әдейі болдырмау белгіленгендіктен, осы санат алынып тасталды», — деп түсіндіреді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов келтірген анықтамаға сүйенсек, 2019-2021 жылдары елдегі ажырасулар саны 148 599-ға жеткен. Ажырасу фаткілері әсіресе 5-9 жыл аралығындағы некелер арасында байқалған.

«Баспана кезегінде тұрғандардың, оның ішінде толық емес отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бірқатар түрлі тетіктер көзделген:

— республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу;

— жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау;

— кредиттік тұрғын үй салу және кірістердің болуына байланысты «Отбасы банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Отбасы банкі) жарна бойынша 5% жеңілдікпен кредиттеу», — деп жазылған жауапта.

Тегтер: Қазақстаннеке

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz