Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы құтқарушылары балалардың судағы қауіпсіздігі туралы еске салды

Жазғы демалыс пен суға шомылу маусымы басталысымен су айдындарындағы демалыс уақытында қауіп арта түседі.

21.06.2023
Аймақ

Әсіресе балаларға төнетін қауіп көп, соған байланысты құтқару қызметтері күнделікті рейд жүргізеді. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала ТЖД өкілдері мен қалалық құтқару қызметтерінің қызметкерлері тұрғындарға судың жанында қауіпсіз уақыт өткізу ережелерін еске салды.

ТЖД мәліметі бойынша, мегаполисте 44 су айдыны бар – олар түрлі өзендер мен көлдер, арықтар мен тоғандар. Олардың 12-сі суға шомылу маусымында қауіпті.

«Профилактикалық жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін су айдындарында адам өліміне жол берілмеді. 18 адам құтқарылды, олардың ішінде жеті бала бар», — деді Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов.

Департамент судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, құтқару қызметі мен республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушыларын, сондай-ақ еріктілерді тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Қауіпсіздік ережелері туралы «Әуежай» су-құтқару станциясында Кіші Алматы көлінде кезекшілік ететін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ринат Файзулин еске салды.

«Мен жаз кезінде ата-аналар, оқытушылар мен тәрбиешілер білуі керек негізгі ережелерге назар аударғым келеді. Балалардың суға батуының ең негізгі себептері — балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыру. Балалардың жабдықталмаған жерлерде, тау өзендерінде суға түсуі – бұл үлкен қауіп. Себебі, балалар селфиге түсу үшін тайғақ тастарға шығады, содан аяқтары тайып құлап, ата-анасы жақын жерде болса да, басымен суға құлауы мүмкін», — деді спикер.

Сонымен қатар, ол ешқандай жағдайда су айдындарының жанында жабдықталған белгілерді елемеуге болмайтынын атап өтті. Осылайша, тыйым салу белгілері орнатылған шомылу орындарында моторлы қайықтарда, гидроциклдерде жүзуге, сондай-ақ тік жартастардан, қайықтардан, катамарандардан және т.б. секіруге болмайды.

«Сондай-ақ, балалар суға шомылып жүргенде ойнап жүріп, әрірек жүзіп кеткендерін байқамай, тереңдеу жағына кетіп қалып, суға тұншығып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, үйде қолдан жасалған үрлемелі құралдарда, автокөлік дөңгелегінің камераларында жүзуге тыйым салынады. Біздің жасақ профилактикалық іс-шаралар, тау өзендері бойынша рейдтер өткізеді, онда біз су маңында қалай жүру керектігі жөнінде ережелері көрсетілген арнайы жадынамаларды ата-аналарға таратамыз. Сондай — ақ бізде Әуежай маңындағы көлде тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады, онда да ескерту және тыйым салу белгілері де орнатылған», — деп бөлісті ол.

Қорытындылай келе, құтқарушылар ата-аналарды балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмауға, сондай-ақ алдын алу шаралары ретінде оларға суға түсу ережелері туралы айтуға шақырды.

Тегтер: алматышомылу маусымы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz