Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Көкөзек ауылының тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық әкімдікке Көкөзек тұрғындары келді.

19.06.2023
Аймақ

Олардың айтуынша, ауылдан газ жүргізілетіндіктен, үйлері, жерлері мемлекет мұқтаждығына өтпек. Осы уақытқа дейін жер мен үйлер, басқа да нысандар әлі де бағаланып бітпеген. Ал Қарасай ауданының әкімдігі нысандарды мемлекетке алу үшін ақша маусымда төленетінін айтқан.

Алматы облысының әкімі тұрғындарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

«Бұл ауылда барлығы 61 үй сүрілейін деп тұр. Қосымша мемлекетке өтетін жерлер де бар. Көкөзектен газ өткізу жобасы облыстікі емес, республикалық үлкен жоба. Сондықтан жерді, үйді мемлекетке алу үшін ақша өңірлік бюджеттен қарастырылмаған. Бағалау жұмыстары әлі аяқталмағандықтан, республикалық бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Бағалау жұмысы 1 шілдеде өз мәресіне жетеді. Содан кейін республика резервінен қаражат сұраймыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің бұл жауабына қанағаттанбаған тұрғындар резервтен ақша түскенше көп уақыт өтетінін айтып, жылыту маусымына дейін баспана алулары керегін, ал кейбірі үй салуға қамданып жатқандарын тілге тиек етті.

«Жоғарыда аталған нұсқамен келіспесеңіздер, үйдің орнына Қарасай ауданынан үй, жердің орнына жер қарастырып көрейік. Бұл жұмыспен облыс әкімдігінің мамандары айналысатын болады. Нөмірін алып алыңыздар, бүгінгі кездесуден хаттама толтырылып, әрқайсыңызға жеке-жеке жіберіледі. Ауылға 2 шілде өзім барып қайтамын. Сол кезде осы мәселе тағы қаралады. Оған дейін бірқатар түйіткілдің түйіні де тарқатылып қалуы мүмкін. Өздеріңізбен тілдесіп, ортақ шешімге келеміз», — деді өңір басшысы.

Жүздесуден кейін тұрғындар облыс әкімінің ауылға келуін күтетіндерін айтып, 2 шілде күні нақты шешім табылатынына сенім білдірді.

Тегтер: Алматы облысыКөкөзек ауылыМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz