Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бес қаланың полиция басқармасына жаңа басшылар тағайындалды 

Елімізде бірқатар қалалық полиция басқармасының бастықтары тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

19.06.2023
Жаңалықтар

«ІІМ қалалық полиция басқармаларының бастықтары лауазымына үміткерлерді қарады. Министрдің бұйрығымен Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы лауазымына Сматов Қанат Ералыұлы, Жамбыл облысы ПД Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды. Бұрын ол аймақтық департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеген», — деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, Орал қалалық полиция басқармасының бастығы болып Абдрахманов Асқар Қоңырұлы бекітілген.

Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Ал Иманов Болат Сапарғалиұлы Қостанай қалалық полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды. Ол бұрын Рудный қаласының полициясын басқарған.

Рудный қаласы ПБ бастығы болып Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген Байзақов Аманжол Мәмбетұлы кірісті.

Арқалық қалалық полиция басқармасының бастығы болып Баймурзин Орал Тумурзаұлы бекітілді. Ол бұған дейін Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Тегтер: жаңа басшыІІМШұғыла Тұрлыбек

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Министр 30 тамызға қатысты нақты жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматы облысында екі бірдей АЭС салынады, дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Қонаев қаласында ТҮКШ бөліміне жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz