Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Германия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді.

18.06.2023
Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды  Ақорда.

Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі. Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Германияның Федералды Президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді.

Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.

Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып,өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.

ГФР Президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болмақ.

Тегтер: ГерманияҚазақстанмемлекеттік сапар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz