Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының травматологтары шетелдік науқасқа ота жасады

Б есімді үнді жігіт оң қолы мен иығының ауырсыну шағымдарымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына түскен.

16.06.2023
Аймақ

Мамандар науқастың спортпен шұғылданып жүріп жарақаттанғанын анықтады. Рентгенге түсіргенде иықтың 3/1 бөлігі сынып кеткені анық көрінді.

«20 жастағы жас жігіт бізге оң жақ иық сүйегінің сынуымен келді. Армрестлингтен жарысқа қатысып, жарақат алған екен. Жалпы бұл спорт түрі қолға қауіпті. Адам шынтақ пен иық буындарына, білек пен иық сүйектеріне жүктемені шамадан тыс береді. Біз науқасқа ашық остеосинтезді блоктаушы пластинамен және бұрандалармен ота жасадық. Қазіргі таңда науқас өзін жақсы сезініп отыр. Барлық ем шаралары тегін медициналық көмектің шеңберінде жүргізілді», – деді травматолог дәрігер Дәулет Тастанбеков.

Айта кетейік, остеосинтез – сынықтарды хирургиялық емдеу әдісі. Ол сынған сүйектерді біріктіріп, толық синтез басталғанға дейін анатомиялық дұрыс қалыпта бекітеді.

«Мен медициналық университеттің студентімін, Үндістаннан келдім. Абайсыздан осындай жарақат алдым. Мені осы ауруханаға уақытында әкеліп, дәрігерлер дереу көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», – дейді науқастың өзі.

Тегтер: Алматы облысыота

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz