Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде өрт сөндіруге арналған неше тікұшақ бар?

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев өртті өшіруге арналған әуе техникасы жайында түсінік берді.

15.06.2023
Жаңалықтар

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер вице-министрден өртті сөндіруге арналған әуе техникасы жайында сұрақ қойды.

«Бізде тек 33 тікұшақ бар. Соның арасында су шашып, өрт сөндіретін 16 тікұшақ жасақталған. Қалғандары іздестіру жұмыстарына, барлау жұмыстарына арналған», — деді Ибрагим Күлшімбаев.

Оның айтуынша, бір мезгілде барлық тікұшақты пайдалану мүмкін болмайды. Өйткені кейбірі жоспарлы немесе регламенттік жөндеуге кіргізіледі.

«Сондықтан олардың тең жартысы жөндеуде болады. Бізде ұшақтар жоқ. Бұл әуе көлігіне ақша сұрадық, алайда қаражат қарастырылмады. Сондықтан ұшақ сатып алған жоқпыз», — деді вице-министр.

Айта кетейік, Ибрагим Күлшімбаев 4-5 күнде Абай облысындағы орман өрті толықтай өшірілуі мүмкін екенін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады.

Тегтер: Қазақстантікұшақ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz