Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай облысындағы өртті толық сөндіруге әлі 4-5 күн уақыт керек – ТЖМ

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Сенат кулуарында «Семей орманы» табиғи резерватындағы орман өртін сөндіруге қанша уақыт кететінін айтты. Ол бүгінгі таңда өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты.

15.06.2023
Жаңалықтар

«Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Бұл туралы кеше хабарладық. Бірақ әлі өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт толық сөндіруге дейін керек күш-құралды қалдырдық. Басшылық сол жерде. Өрттің жалпы аймағы 60 мың гектар болған», — деді Ибрагим Күлшімбаев.

Ол өрттің шығыны есептелмегенін айтты. Бұл жұмыстар тілсіз жау толық сөнгеннен кейін жүргізілмек. Күлшімбаев бүгінде елдімекендерге келер қауіп жоқ деп сендірді.

«Өртті оқшаулау және жою деген түсінік бар. Ең бірінші өрт оқшауланады. Яғни бұл тілсіз жау бақылауға алынғанын, оның таралу қаупі жоқ екенін білдіреді. Бірақ дала және орман өрттерін толық жою кейде бір аптаға дейін созылуы мүмкін», — деді ол.

Тілшілер вице-министрден Абай облысындағы орман өрті қанша күнде толық сөндіріліп бітетінін сұрады.

«Өрт жойылғанға дейін 4-5 күндей кетуі мүмкін», — деді ТЖМ өкілі.

Ол өңірдегі мәселе бойынша өртті сөндіру алгоритмі қалай жүргізіліп жатқанын түсіндіріп өтті.

«Орман шаруашылықтары ең әуелі өрт шыққаны туралы ақпаратты бірінші өздері тексереді. Сол бойынша өздерінің күш-құралдарын салып, оқиға орнына шығады. Сондай алгоритм бар. Бүкіл өрттерге аудан басынан не облыс орталығынан өрт сөндірушілер шыға бермейді ғой. 800-дей орман өрті тіркеледі. Бірінші орман шаруашылықтары өздері сөндіре бастайды, егер де аймағы үлкен болса, ТЖМ күшін шақырады», — деді төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі.

Тегтер: Абай облысыорманөртТЖМ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz