Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысына келді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрайымы Динара Зәкиева Абай облысына келді, деп хабарлайды alataunews.kz «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15.06.2023
Жаңалықтар

Алдымен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Абай облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаты, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Эльзира Жүнісовамен бірге Бородулиха ауданына, Жерновка, Успенко ауылдарына барып, орман өрті кезінде қаза тапқандардың отбасына, туыстарына көңіл айтты.

Кездесу барысында Динара Зәкиева жақындары табиғи апат кезінде қаза тапқан балалардың жағдайы үнемі бақылауда болатындығын жеткізді. «111 – жедел қызмет» байланыс орталығына хабарласып, балалардың құқығы бұзылған кез-келген жағдайда, балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша жүгініп, көмек алуға болатынын айтып өтті.

Сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкіл алапат өрт кезінде құрылған  эвакуациялық пункттерді аралады. Каштак, Половинка, Талица ауылдарынан уақытша көшірілген тұрғындармен кездесіп, жасөспірімдерге жасалған жағдаймен танысты.

«Осындай жағдайда біз бәріміз бірге болуымыз керек. Баланың құқығын қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан біз эвакуациялық пункттерге келдік. Мұнда жағдай жасалған, жергілікті атқарушы органдар балаларға арнайы бағдарламалар құрды. Қиын кездерде әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірінші кезекте бүлдіршіндерге қамқорлықты аямауымыз қажет», — дейді уәкіл.

Уәкіл эвакуациялық пункттерде болып, азық-түлік пен қажетті заттарды табыстады. Балаларға тәтті-дәмді таратып, кітаптар сыйға тартты. Олармен әңгімелесіп, хал-жағдайларын білді.

 

1 of 4
- +
Тегтер: Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz