Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында АӨК қолдауға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

Алматы облысы аграрлық-индустриалды аймақ болғандықтан, өңдеуші секторға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл туралы баспасөз жиынында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.

14.06.2023
Аймақ

«Алматы облысы еліміз бойынша құс басының саны мен құс етін өндіруден көш бастап тұр. Қой мен ешкі саны жөнінен және жүгері, көкөніс, жеміс-жидек дақылдары мен картоп өсіруден республикада алғашқы үштікке кіреді. Ал балық шаруашылығы тауарлы балық өндірісінің көлемін ұлғайтуға және импортты алмастыру үшін дайын өнім шығаруға бағытталып отыр. Өткен жылы 5 мың тоннаға жуық балық өндірілді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 17 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда», — деді облыс әкімі.

Өңір басшысының сөзінше, биыл агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 34 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көрсеткіші 736,5 млрд. болса, биылғы жылы оның көлемін 2,6% өсіммен 840 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Алматы облысының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» бірегей өңірлік бағдарламасын әзірленіп, іске асырылуда. Оған жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 820 бас асыл тұқымды ірі қара және 4 мыңнан астам асыл тұқымды ұсақ мал сатып алынған. Осылайша, 2027 жылға қарай ірі қара асыл тұқымды мал басының үлесін 19,5%-дан 25%-ға дейін, ұсақ мал басын 16,7%-дан 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы аталған шаралардың барлығы облыс халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мегаполистің айналасында азық-түлік белдеуін құруға бағытталған», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан бөлек, өңірде 157 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Облыс көлемінде суару желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде 57 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіріледі.

Тегтер: Алматы облысыАӨКқаржыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz