Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында кезекте тұрған 1000-нан астам тұрғын баспаналы болады

Қазіргі таңда өңірде 37,6 мың адам үй кезегінде тұр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

14.06.2023
Аймақ

«Биыл 811 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Өткен жылы кезекте тұрған азаматтардың 1445-і пәтер алды, биыл тағы 1144 адамды қамтитын боламыз», — деді әкім.

Сондай-ақ облыс әкімі өңірде қолға алынған «Алатау жастары» баспана бағдарламасы туралы да айтты.

«Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қабылданған «Алатау жастары» өңірлік бағдарламасы бойынша былтыр 16 жас отбасы баспана алды. Биыл 200 отбасы үшін жергілікті бюджеттен 3,6 млрд. теңге бөлінді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің сөзінше, Алматы агломерациясындағы 270 саяжайға елдімекен статусы беріледі. Жалпы облыстағы 674 саяжайда 183 мың адам тұрады.

«Өткен жылдан бастап біз саяжай тұрғындарының мәселелерімен жүйелі түрде айналыса бастадық. Мысалы, жиырма жылда алғаш рет елдімекендердің бас жоспарларына түзету жүргізілді», — деді өңір басшысы.

Тегтер: Алматы облысыбаспанаБасты жаңалықтарбрифингҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz