Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қандай жазаға тартылады?

Интернет және онлайн платформалар арқылы жалған ақпарат немесе жарнама таратқандар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамауға алынады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Мәжіліс отырысы барысында Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясында берген сұхбатында айтты.

14.06.2023
Қоғам

Аталған норма Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген.

«Әкімшілік кодексте жаңа бап енгізілді. Ол онлайн-платформалар құралдары арқылы жалған ақпараттарды тарату бойынша жауапкершілікті көздейді. Бүгінгі таңда өте көп жалған ақпараттар таралып жатқанын білеміз», — деді Игорь Лепеха эфир кезінде.

Сондай-ақ министрдің орынбасары WhatsApp желісі де онлайн-платформаға жататынын айтты.

«Қазір ол үшін жауапкершілік жоқ. Айталық, пандемия кезінде азаматтар көптеген жалған ақпарат таратты. Олардың ешқайсысы жауапкершілікке тартылған жоқ. Сонымен қатар қазір кибербуллингке қатысты көптеген ақпарат бар. Кибербуллингке қатысты желіде тарап жатқан видеолар өте көп, кейбірінде балаларды әлдебір іске қатысты дәлелсіз айыптап жатады. Кейін ол желіге кеңінен таралады, бұл ауыр зардапқа әкеп соғуы ықтимал. Ойланбай жасалған іс-әрекеттердің залал әкелетінін түсінеміз. Бұған дейін заңнан тыс қалып келді», — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, енді жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК-ке дейін (шамамен 60 мың) айыппұл қарастырылады. Егер бір жыл ішінде азамат жалған ақпарат тарату фактісіне қайта жол берсе, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы немесе 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Материалдарды ішкі істер органдары орындайды, бірақ шешімді сот шығарады.

«Бұл жерде әңгіме алдымен блогерлер мен заңды тұлғалар туралы болып отыр. Барлығын жаппай жауапкершілікке тарту болмайды», — деді Игорь Лепеха.

Тегтер: ақпаратжалғанинтернет

Соңғы жаңалықтар

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысындағы шаруалар су үнемдеуге көшті

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысы мен Германия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz