Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт сөндірушілерге тағы 300-ге тарта адам қосылды

Абай облысындағы алапат өртті сөндіру 3 бағытта жалғасып жатыр.

13.06.2023
Жаңалықтар

Құтқарушылардың қызыл жалынмен арпалысып жатқанына 6 күн өтті. Екпінді жел тілсіз жауды сөндіруге мүмкіндік берер емес. Осыған орай өрт сөндірушілердің қатары 300-ге тарта адаммен толықты. Отты ауыздықтауға 1800-ден астам адам, 350-ге жуық техника мен 15 тікұшақ жұмылдырылды.

«Бірнеше күннен бері өршіген өрттің қақ ортасында жүрген жігіттер қызыл жалынды сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады. «Жел түнде тыншиды. Бізге сол уақытта жұмыс істеген қолайлы», — дейді олар.

Өрт сөндірушілерге бұрын осы салада еңбек еткен азаматтар да көмекке жетті. Кеше Астанадан 12 адам 3 техникамен жігіттерге жәрдемдесуге келді.

Волонтерлер де тыным таппай жұмыс істеп жатыр. Өрт басында жүрген азаматтарға қызмет көрсететін штаб Озеркий ауылдық округінде орналасқан.

Бүгін жайқалған жасыл орманы қап қара күлге айналған Озеркий ауылының тұрғындары құрбандық шалып, тасаттық рәсімін өткізді. Тәңірден жаңбыр тіледі. Расында, жаңбыр жаумаса, алапат өрттің сөнетін түрі көрінбейді.

Тегтер: Абай облысыорманөрт

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz