Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: қою түтін ұшқыштардың жұмысын қиындатып жатыр 

Абай облысында орман өртімен күрес жұмыстары жалғасып жатыр.

13.06.2023
Жаңалықтар

Қазір өрттің жалпы аумағы шамамен – 60 мың га. Алайда елдімекендерге қауіп жоқ. Экология және табиғи ресурстар министрлігі өрттің таралуын шектеу үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«13 маусым күні таңғы сағат 4-тен бастап өрттің шеттерін сөндіру мақсатында төрт әуе бортының ұшуы жүзеге асырылды. Алайда қатты түтін ұшқыштардың жұмысын қиындатуда. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 1803 адам, 348 бірлік түрлі техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Метеорологтардың хабарлауынша, 13 маусым күні кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жалынның әлі де басыла қоймағанын, десе де орман өртінен жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ екенін айтқан болатын.

Еске салайық, 8 маусым күні тұтанған «Семей» орманы резерватындағы өртпен күреске жұмылдырылған 14 орманшы қаза болған еді. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.

12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Тегтер: Абай облысыБасты жаңалықтарорманөрт

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz